Петропавлда 3 жастағы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ауруханаға жедел жеткізілген бүлдіршіннің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Ол дәрігерлердің бақылауында. Ал кәмелетке толмаған баланы қаққан жүргізушіге қатысты іс қозғалды. Полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.
– ВАЗ-2112 автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі үш жасар қыз баланы қағып кетті. Зардап шеккен бала жедел жәрдем көлігімен қаладағы медициналық мекемелерінің біріне жеткізіліп, ем қабылдауға жатқызылды. Автокөлік жүргізушісіне медициналық куәландыру жүргізілді. Алдын ала мәлімет бойынша ол мас болмаған. Автокөлік айып тұрағына қойылды, – деді облыстық ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Нұрбек Баекин.
Оқи отырыңыз: Алматыда тағы бір автобус апаты болды