Қайнар академиясында білім ордасының қабырғасынан жарық көрген мыңға жуық кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Академия ғалымдары жазған еңбектер Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына беріледі. Жиында профессорлар сөз сөйлеп, кітаптың қоғамдағы салмағын саралады. Студенттер мен жалпы ілім іздеушілердің мықты құралына айналатыны сөзсіз деді.
«Қағаздың отаны бола тұра, кітап пен кітапхананың отаны бола тұра кітапты қадірлеуіміз керек. Кітап деген қазақтың бағына жазылған бір бақыт деуге бола ма?!» – деді Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті Еренғайып Омаров.
«Әлемдік ғылым-білім кеңістігіне енеміз десек, міне, осындай кішкентай нәрселерден басталады. Осындай кітап көрмесінен, осындай таныстырылымнан. Сол себепті мұның келешекте біздің жастарымызға, білікті мамандарымызға керек, кәдеге жарайтын кітаптар деп бағалаймын», – деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиев.