Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қоғамдық кеңестің мүшелерімен кездесу өткізді. Бұл туралы қала басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бүгін Алматының Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен жылдық жоспарды талқыладық және жұртшылықпен, сарапшылармен бірлесе отырып шешетін мәселелерді анықтадық. Оның ішінде, ТҮКШ пен сәулет, экология, қоғамдық қауіпсіздік мәселелері» деп жазды Б. Сағынтаев.