Қасиетті жерімізге еңбектің тері тамсын, қан тамбасын – Асылы Осман

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қасиетті жерімізге еңбектің тері тамсын, қан тамбасын деп тілеймін». Осылай деген қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Асылы Осман елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазіргі болып жатқан жағдайды көргенде 1986 жылғы оқиға есіме түсіп, өзіммен өзім еңіреп жылап алдым. Қасиетті жерімізге еңбектің тері тамсын, қан тамбасын деп тілеймін. Жастарды ымыраға шақырыңдар. Мұның соңы еш жақсы болмайды. «Өлдің, өштің» дейді қазақ, ондай жамандыққа бармайық. Әлбетте, өз мұңымызды, жанайқайымызды айтуға тиіспіз, оны Мемлекет басшысы да, бәрі де тыңдауға тиісті. Елімді баласымен сақтасын, халқымды данасымен сақтасын, сәбиді анасыен сақтасын, азаматтарымызды санасымен сақтасын. Бірлігіміз бекем болсын, достығымыз нығая берсін! Ешуақытта қазақ топырағына қан тамбасын, ата-бабамыз қалдырып кеткен байтақ далаға жастар ие болсын. Амандық, жақсылық болсын, бір-бірімізге жүзіміз жарқын болсын», - деді Асылы Осман.

Новости партнеров