Алматыда «Елін сүйген Елбасы» диалог-әңгімесі өтуде

Алматыда «Елін сүйген Елбасы» диалог-әңгімесі өтуде
Іс-шараның мақсаты – қазақстандық қоғамда Ұлт Көшбасшысының қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы ауқымды тарихи рөлін одан әрі нығайту
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыдағы Достық үйінде ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген Елбасы» диалог-әңгімесі өтуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – қазақстандық қоғамда Ұлт Көшбасшысының қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы ауқымды тарихи рөлін одан әрі нығайту, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жетістіктерін мойындау, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау, жастар арасында азаматтық, патриоттық және рухани құндылықтарды тәрбиелеу.

Жиынға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ардагерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері,  республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Алматы қаласындағы ЖОО студенттері мен оқытушылары, жастар, БАҚ өкілдері қатысуда.

Айта кетейік, қонақтар мен қатысушыларға «Елбасы және Қазақстан жастары» атты деректі көрме мен фотокөрме және «Елін сүйген, Ел сүйген - Елбасы» кітап көрмесі ұсынылады деп күтілуде.

Новости партнеров