1998 жылғы жігіттің бетінде «Не вижу смысла» деген татуировка жазылған
Полиция бірнеше алаяқтық дерегі бойынша бұрынғы актерді ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1998 жылғы жігіттің бетінде «Не вижу смысла» деген татуировка жазылған. Оның бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын өтегені анықталды.
«Азамат А. өзі үшін дұрыс шешімдер шығарып, бұрыс жолға түсіп, қылмыстық заңбұзушылықтарын тағы қайталады. 21 жастағы күдікті алаяқтық дерегі бойынша ұсталған. Негізінен, ол кәмелетке толмағандарды алдап келген. Яғни, өзі танитын мектеп жасындағы балалардың сеніміне кіріп, теріс пиғылын іске асырып отырған. Бір жағдайда ол аулада 15 жастағы танысын көріп қалып, видео бастыру үшін үйінен ноутбук алып шығуын сұраған. Қаскөй ноутбукты ала салысымен дүкенге кіріп, екінші есігінен шығып, ізім-ғайып жоғалған. Артынша ноутбукты 15 мың теңгеге сатып жіберген. Тағы бір жағдайда ол кәмелетке толмаған қыздың телефонын алып, пайдасын өз мүддесіне жаратқан», – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің басшысы Дидар Аханов.
Осы деректерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Қылмыстық әрекеттердің бірнеше рет жасалуына байланысты мегаполис тұрғындары осы тұлғаның алаяқтығынан зардап шегуі мүмкін екенін адамдарды 298-53-70; 298-53-71 және 298-53-72 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз. Айта кетейік, азамат А. – бұрынғы актер, ол екі драмалық картинаға түскен», – деа атап өтті Дидар Аханов.