АҚШ-тың екі азаматы Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Біреуі Қазақстанның бұрынғы азаматы болса, екіншісі – АҚШ тұрғыны. Америкалық Кристен Дэниелсон қазақстандық ер азаматты құлай сүйіп, Қазақстанға көшуге бел буыпты. Осында біржолата қалу үшін құжаттарын өткізуді жоспарлап отыр.
«52 жастағы шетелдік азамат облыстық көші-қон басқармасынан көмек сұрады. Әзірше Петропавл қаласында тұруға бір айға тіркеліпті. Америкалық әйел Солтүстік Қазақстан тұрғынымен 2016 жылы танысқан. Үш жыл хат-хабар алмасқаннан кейін ол бүгінде біржола сүйіктісінің отанына қоныс аударуға бел буса керек», – деп облыстық Полиция департаменті мәлімет берді.
Бұдан басқа тағы бір 89 жастағы америкалық зейнеткер Қазақстанға қайтуды жөн көріпті. Түп негізі Солтүстік Қазақстаннан шыққан әжей 2004 жылы қызымен бірге АҚШ-қа көшіп кеткен болатын. Араға 15 жыл салып, ол қайтадан қазақ елінде тұрғылықты қалуға құжаттарын тапсырып отыр.
«Қазақстанда туып-өстім. Фабрикада, автобус паркінде жұмыс істегенмін. Күйеумімен бірге 6 бала тәрбиелеп өсірдік. АҚШ-қа 75 жасымда көштім. Жылдар бойы Қазақстанды сағынып жүрген едім. Мұнда немелерім мен жиендерім тұрады», – дейді Вера Бурлакова.
Облыстық көші-қон Полициясы департаментінің хабарлауынша, тұрғылықты мекенжайға тіркеу үшін құжат рәсімдеуге 2 ай кетеді.
Айта кетсек, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударуға 151 адам қоныс аударды. Оның 8-і алыс шетелден көшіп келіпті.