Меркі аудандық ауруханасында жастарға арналған әлеуметтік орталық ашылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Мекемеде 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындар психологиялық көмек ала алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысының Меркі аудандық ауруханасының астыңғы қабатында әлеуметтік орталық ашылды. Орталықты ашу үшін басқа орын болмаған. Бірақ ұйымдастырушылар жағдайдан шығудың жолын тауыпты. Мекемеде 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындар психологиялық көмек ала алады. Келушілер үшін тегін спорт секциялары да ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Тұрғындарға сапалы санитарлық-медициналық көмек көрсетіледі. Біз жастарға көмектесу үшін ауқымды жұмыстарды қолға алдық. Мұны жан-жақты қолдау деуге болады. Бұл жоба жас ұрпақтың өмірін жақсартуға септігін тигізеді», - дейді Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Жаңа орталықта жастар дұрыс тамақтанудың қыр-сырын меңгеріп, темекі мен ішімдіктің зияны туралы тренингтерге қатысады. Медицина мамандары арнайы реквизиттерді пайдалана отырып, алкоголь мен есірткінің адам денсаулығына зиянды әсерін көрсетеді.

«Жастарға реквизиттерді пайдалана отырып, алкогольдік мас болудың қаупін көрсетеміз. Мысалы, мұндай жағдайда көлік жүргізуге тыйым салынғанын түсіндіреміз», - деп толықтырды жастар денсаулық орталығының дәрігері Зәуре Мұхамбетова.

Новости партнеров