Мамандар жатақхана иелерімен тілдесіп, негізгі талаптарды түсіндірді
Алматыдағы хостелдер мен жатақханалар тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШаҺардың төтенше жағдай қызметі өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмысын жүргізуді қолға алған. Сондай-ақ мамандар жатақхана иелерімен тілдесіп, негізгі талаптарды түсіндірді.
– Бізде қауіпсіздік жүйесі іске қосылған. Өрт сөндіру құралдары жеткілікті. Сондай-ақ келушілердің шылым шекпеуін қадағалаймыз. Төтенше жағдай қызметкерлеріне профилактикалық жұмысы үшін алғыс айтқым келеді, – деді хостел әкімшісі Надежда Ласыкина.
Сондай-ақ Түрксіб ауданы құтқарушылар қызметі хостел тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оларға өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау жөнінде жадынама таратып, төтенше жағдай кезінде не істеу керек екенін түсіндірді.
– Жатақханалар мен хостелдерде қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында адамдар ішімдік ішіп, темекі тартып, ұйықтамауы керек және электр сымдарының тұйықталып қалмауына мән беру керек, – деді Түрксіб ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Бейбіт Рақымжанов.
Оқи отырыңыз: Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс жүйесіне көшті