Алматыда ашаршылық туралы құжаттар жинағының тұсаукесері өтті

29.06.2022 20:48

Кітаптың жарық көруіне президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы негіз болды

Almaty.tv

Алматыда ашаршылық туралы құжаттар жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кітаптың жарық көруіне президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»  атты мақаласы негіз болды. Жиынға қонақ ретінде ғалымдар, журналистер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Келе алмағандар Zoom платформасы арқылы онлайн  қосылды. Жинақтың шығуына септігін тигізген ғалымдар мерейтойлық медельмен марапатталды.

«Мақаладағы Президентіміздің сөзіне жауап ретінде біз осы Мемлекеттік архивтің ұжымы осы аштыққа қатысты құжаттардың барлығын топтастырып, сонымен қатар Ресейден алып келінген Қазақстанда жоқ, өте сирек кездесетін бір дана сақталып қалған, сол кезеңде шыққан бюллетен мен кітаптарды,  аштыққа қатысты шыққан материалдарды топтастырып кіргіздік», – деді ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебай.

Айта кетейік, жинақ мәліметтерін жинауға архив қызметкерлері, танымал ғалым Рашид Оразов пен жас архившілер тартылған. 400-ден астам құжаттан ақпарат енгізілген. Тар заманнан сыр шерткен кітаптар енді кітапханаларға үлестіріледі.  

«Біз республикадағы облыс болсын, мына Ұлттық кітапханамыз болсын, ғылыми отралық кітапханалар болсын және өзге де кітапханаларға тегін таратылады. Кітаппен танысу, жинақтың берер маңызы өте зор», – деді ҚР Орталық мемлекеттік архивінің жетекші ғылыми қызметкері Зира Төленова.