Қала күні 2019: Алматылықтар мерекені тойлауды бастап кетті

14.09.2019 21:01

Ал ертең, 15 қыркүйек, ең басты мерекелік шаралар болады

Ресми түрде Алматы күні – ертең, алайда қаланың көптеген аудандарында мерекені тойлау бүгін басталып кетті , деп хабарлайды vecher.kz.

Белсенді өмір салтын сүйетіндер үшін Медеу ауданы арнайы Орталық мәдениет және демалыс паркінде фитнес-таңын ұйымдастыруда.

Жетісулықтар Қала күнін тойлауды бүгін таңғы сағат 11:00-де «Гүлдер» саябағынан бастап кетті. Ал, Бостандық ауданы тұрғындары  12:00-де «Атакент» сауда және іскерлік орталығында концерт тамашалады.

Түрксіб ауданы кешкісін Сейфуллин атындағы саябаққа жиналуды ұсынды , онда  сағат 18:00-де шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді.

Ал кешкісін алматылықтар «Астана» алаңына Gakku fest атты үлкен музыкалық марафонға жиналмақ. Онда классикадан бастап түрлі музыкалық жанрларда әндер шырқалады.  

Ал, мерекелік басты концерт ертең , ҚР Тұңғыш Президентінің паркінде  болады. Онда ауқымды алма фестивалі – «Алма fest» ұйымдастырылуда. Қонақтарды керемет мерекелік бағдарлама күтіп тұр. Саябақтың ұланғайыр аумағы бірнеше тақырыптық бөліктерге бөлінеді. Мәселен, оның бір тармағы ашық аспан астындағы заманауи өнер аймағы болады.

Ал «Алма Bazar» жәрмеңкесінен тек қана хош иісті алма сатып алып қана қоймай,  сондай-ақ алмадан жасалған неше түрлі тағамдардың дәмін татып көруге болады.  Қасында «Алма Master» деп аталатын қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі де болады. «Алма Fashion» сұлулық аумағында қалалықтар осы күз бен қыстың сәнді трендтерімен таныса алады. Ал ең белсенді жандар «Алма Drive» спорттық аумағынан өзіне  қызықты жайттарды табары сөзсіз. Ал, «Алма Отбасы» нағыз отбасы болып қыдыратын жер, онда еңбектеген баладан еңкейген қарияларрға дейін өзіне керектіні таба алады. Фестиваль сағат 11:00-де басталады. Күні бойы саябақта жанды әуен ойнап тұрады. Ал, Для всех гостей в музыкальной зоне «Алма Auen»  музыкалық аймағында барша қонақтардың құрметіне әр түрлі бағыттағы әндер орындалады.

Әрине, Қала күні тек ҚР Тұңғыш Президенті паркінде ғана өтпейді. Сағат 12:00-де Арбатта да мерекелік концерт басталады. Ал Наурызбай ауданының тұрғындарды 17:00-де аудан әкімдігі аппаратының алдында өтетін концертке шақырады. Ендеше, бұл демалыста мүлдем іштеріңіз пыспайтыны сөзсіз.

14-20 қыркүйек аралығында Қала күні мерекесін тойлау аясында Алматы қаласында II Халықаралық  Almaty Film Festival өтеді.

Almaty Film Festival –Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Astana Film Fund ұйымдастыратын халықаралық кинофестиваль. Фестивальдің мақсаты еліміздің мәдени астанасы – Алматы қаласын Орта Азиядағы ең ірі мәдени және туристік орталық ретінде таныстыру әрі  әлемдік киноқауымдастығымен таныстыру болып табылады.