Бүгінгі таңда елімізде ондай ауруға шалдыққан 1200-ден астам азамат бар
Сирек кездесетін Дюшенн миопатиясы орфандық аурулар тізіміне енді. Тиісті құжатқа Денсаулық сақтау министрлігі қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүгінгі таңда елімізде жүйке, бұлшық ет ауруларына шалдыққан 1200-ден астам азамат бар. Оның басым бөлігін Түркістан облысының тұрғындары құрайды екен. Былтырдан бері балалар арасында жиі кездесетін тұқым қуалайтын жүйке, бұлшық ет ауруларын емдеуге арналған медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында жол картасы әзірленген.
«Жол картасы бойынша атқарылатын іс-шараларды ата-аналар мен денсаулық сақтау министрлігі және жетекші медициналық мекемелер біріге отырып жүзеге асырады. Сирек кездесетін ауру түрін анықтау үшін генетикалық диагностика жасау керек. Ол өте қымбат тұрады. Дәрі де арзан емес. Аталған көмекке мұқтаж науқастарға осының барлығын қолжетімді ету жолдарын қарастырып жатырмыз», – деді медицина ғылымдарының докторы Алтыншаш ЖАҚСЫБАЕВА.