2030 жылға қарай электр тапшылығы мәселесі шешіледі деп сенеді
Халық АЭС салу идеясына қалай қарайды – әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2024 жылғы 7-18 тамыз аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді.
Іріктемелі жиынтық көлемі 1200 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер қатысты.
Жалпы, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (53,1%) АЭС салу идеясын қолдайды. АЭС салу идеясын қолдайтындар оған үлкен үміт артады, соның ішінде 2030 жылға қарай электр тапшылығы мәселесі шешіледі деп сенеді.
АЭС салу идеясының қарсыластары (32,5%) негізінен ықтимал апаттар мен олардың қоршаған ортаға тигізетін зардаптарына алаңдаушылық танытады.
Сонымен қатар әрбір оныншы респондент (14,4%) өз таңдауын әлі жасаған жоқ.
Оқи отырыңыз: Жаңа жоба: заңсыз сатылған ұялы телефондар «қара» тізімге енгізіледі