Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексінің жобасы таныстырылды

25.09.2019 21:15

Бұдан былай билік басқару шешімдерін қабылдау барысында азаматтардың құқығын жоғары қояды. Өйткені  азаматтар билік органдарының шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағымданған кезде құқықтық даулар көп жағдайда тең шешілмейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін Әділет министрлігі мен Жоғары Сот осы міндеттерді шешу мақсатында әзірленген Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексінің жобасын таныстырды. Қазіргі таңда билік органдары дауларды азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарастыратын болса, жаңа Кодексте сот ісін жүргізудің әкімшілік түрін енгізу ұсынылып отыр.

«Бірнеше жаңа ұғымдар бар. Мысалы жаңа орган – әкімшілік орган енгізіледі. Қазіргі кезде ол- мемлекеттік орган, ал заң жобасына сәйкес әкімшілік орган мемлекеттік қана емес, басқа органдар да осы ұғымға сай болады. Жаңа Кодекс мемлекет және жеке тұлғалар, заңды тұлғалар арасында дауларды шешу үшін енгізіледі», – деді ҚР Әділет Министрі Марат БЕКЕТАЕВ.