«Ізгілік елшісі – Акселераторы добра» жобасы бар мәселелерді жедел шешу үшін азаматтарға заңгерлік көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Бүгін Алматыда «Ізгілік елшісі – Акселератор добра» атты волонтерлардың республикалық сьезі өтті. Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған Волонтерлар жылы аясында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Съезге Тұңғыш Президент - Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары И. Рогов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров, «Ізгілік елшісі – Акселератор добра» республикалық еріктілер қозғалысының жетекшісі А. Сабитова, «Жас Отан» ЖҚ филиалының төрағасы М. Ахметов, «Almaty volunteers» жобасының жетекшісі А. Қанатұлы, бірқатар ЖОО ректорлары, дипломатиялық корпус, ҮЕҰ өкілдері, еліміздің барлық аймақтарынан «Ізгілік елшісі – Акселератор добра» жобасының кураторлары, сондай-ақ заңгерлері мен құқық саласындағы сарапшылар қатысты.
Съезд барысында волонтерлікті дамыту бойынша ағымдағы жағдай қаралды, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуге негізделген жаңа бағыт таныстырылды.
Өз сөзінде Тұңғыш Президент-Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және осы бағытта волонтерлықты дамыту «Естейтін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда маңызды рөл атқаратынын айтты. «Ізгілік елшісі – Акселераторы добра» жобасы бар мәселелерді жедел шешу үшін азаматтарға заңгерлік көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Волонтерлер дәрістер оқитын болады, халыққа кеңес береді, құқықтық көмек қкжет ететіндерге керекті құжаттарын жасауға көмектеседі», — деді И. Рогов. Сондай-ақ, волонтерлер қажет болған жағдайда сотта азаматтардың құқықтарын қорғайтын болады.
«Ізгілік елшісі – Акселератор добра» жобасы бірінші кезеңде Қазақстанның жоғары оқу орындары, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, қоғам қайраткерлері, заңгерлер мен адвокаттардан қолдау тапты. Қазақстанның барлық аймақтарында волонтерлер учаскелік полицейлердің қатысуымен қызметті жүзеге асыруға шығып отыр, сондай-ақ белгілі бір мәселелер бойынша әділет органдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері көмектесуде.
Пилоттық жоба оның қажеттілігін көрсетті және Алматы қаласының тұрғындары арасында оң пікірге ие болды. Жоба волонтерлік қозғалыс ретінде Қазақстанның барлық облыстарында таратылды. Жоба жұмысы барысында 3,5 мың ерікті 1000 ауқымды жұмыстарды жүзеге асырды.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров өз кезегінде қалада 700 мыңнан астам жастар бар екенін, яғни мегополисте әрбір үшінші - жастар өкілі екенін атап өтті. Оның 230 мыңы-студенттер. Мемлекет басшысы жариялаған Волонтерлер жылы қалалықтардың игілігі үшін еріктілер қозғалысын күшейтуге жаңа мүмкіндіктер береді.
«Біздің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: "Жаңа ұрпақтың алдында барлық есіктер мен жолдар ашық" деп текке айтқан жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлік қозғалыстың 7 бағытын анықтады. Әкімдікпен (ескерт. – Алматы) 2020 жылға арналған қалалық іс-шаралар жоспары жасалды. Қалада волонтерлердің жұмысын ұйымдастыру және өткізу бойынша Штаб құрылды. Штаб жанынан Еріктілер мектебі жұмыс істейді, онда әлеуметтік, спорттық, EVENT және ECO волонтерлық, заңгер-волонтерлық және т. б. корпоративтік волонтерлық бойынша оқыту жүргізіледі», —деді Е. Бабақұмаров.
Съезд барысында танымал кинорежиссер Ермек Тұрсыновты волонтерлар қозғалысының амбасадоры етіп тағайындау туралы шешім қабылданды.
«Жақсылық әдейі жасалмайды. Нағыз шынайы жақсылық - ол жасаған жақсылығың үшін алғыс күтпеу. Сіз жақсы іспен айналысасыз. Бұны түсінгенің жақсы, ол саған қосымша күш береді, демек сен дұрыс өмір сүріп жатырсың», — деді Ермек Тұрсынов еріктілерге айтқан сөзінде.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов волонтерлар идеясы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің оқуларында айтылғанына да назар аударды.