Президенттікке үміткер Т. Рақымбековтің сенімді өкілі Тараз жұртшылығымен кездесті

Президенттікке үміткер Т. Рақымбековтің сенімді өкілі Тараз жұртшылығымен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аграрлық ғылымды дамыту, білім мен өндіріс арасын жақындату және селекциялық орталықтарды қолдау – «Ауыл» партиясы атынан президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбековтың сайлауалды бағдарламасының негізгі мақсаты. Кандидат елімізде ауыл шаруашылығын дамытып, нақты шараларды қолға алуды көздейді. Оның бағдарламасын Тараз жұртына республикалық қоғамдық штабының басшысы Әли Бектаев таныстырып жүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Біздің үміткердің сайлауалды бағдарламасындағы ең негізгі мәселе – ғылым мен өндірістің тікелей байланыста болуы. Тек қана теориямен балаларды сусындандыра алмаймыз. Алған білім әрі қарай өндіріске енуі керек. Сонда ғана өндіріс дамиды», – дейді «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли БЕКТАЕВ

Университетке жиналған жастар «Ауыл» партиясы атынан президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбековтың сайлауалды бағдарламасымен танысты. Жиынға сондай-ақ Жамбыл облысының түкпір-түкпірінен келген әр түрлі сала мамандары қатысып, көкейде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

«Бір мәселе бар, Қазақстанда су шаруашылығына байланысты негізгі суармалы жерлер оңтүстік облыстарда орналасқан.  Солардың көлемін 2021 жылға дейін 2,3 миллионға дейін ұлғайтуымыз керек. Ал, 2028-ші жылы ол 3 жарым миллионға жетуі шарт. Алайда ол үшін су тапшы аймақтарға су жеткізу үшін жаңа технологиялар енгізуіміз керек», – деді Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Нұрлан БАЛҒАБАЕВ.

Новости партнеров