Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміз дамуындағы айрықша еңбегінің бірі – мемлекеттік шекараны шегендеп бергені екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Нұрекең елді басқаруға келген кезде ең алдымен шекара мәселесін реттеуді қолға алды. Өйткені көршімізбен арадағы шекараны бұған дейін ешкім нақтылап, шегендей алмаған еді. Ал шекарасы жоқ елдің толық егеменді бола алмайтыны белгілі.
Қазақ тарихында осындай мемлекет құрып, шекарасын сызып, сол мемлекеттің астанасын салуы, атағын айдай әлемге паш етуі бұрын-соңды қазақтың тарихында болмаған нәрсе», – деді Сәбит Оразбаев.