Көру қабілеті нашар балалар Қастеев мұражайында

01.06.2021 21:49

Іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары – «Дара» қайырымдылық қоры мен Gala Global Group жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

almaty.tv

Көру қабілеті нашар балалар Қастеев атындағы өнер мұражайында аудиодискрипция арқылы туындылармен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

 50-ден астам өнер экспонатын ерекше үлгіде таныстырған бұл жоба «Әлемді ашу» деп аталатын идеяның бір бөлігі ғана дейді ұйымдастырушылар.

«Аудиодискрипция дегеніміз – ол өнер туындыларын, картиналарды, жәдігерлерді сөзбен сипаттау арқылы оны көзі нашар көретін адамдардың бабылдауына бейімдеу», – деді ұйымдастырушы Марат Заурбеков.

Іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары – «Дара» қайырымдылық қоры мен Gala Global Group жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бүгін өнер ордасында бастау алған жоба алдағы уақытта республиканың әр аймағында жалғасын табады дейді мамандар.

«Қайырымдылық қорының өкілдері ретінде көзі көрмейтін, нашар көретін балаларға барынша мүмкіндік жасап жатырмыз. Аудио сипаттамадан бөлек, еліміздің аса дами қоймаған аудандарында осындай балалар үшін арнайы мектеп ашып жатырмыз. Әрине, бұл тек бастамасы ғана», – деді «ДАРА» қайырымдылық қоры жобалар мен бағдарламалар бөлімінің директоры Марал Шешімбекова.