с-шараға «Қарашай және балқар-Бірлік» және «Мурас» қырғыздар қоғамдық бірлестігі мұрындық болған
Халықаралық мереке қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы да мерекелік іс-шара өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Республикалық «Бар мейіріміміз балаларға» акциясы аясында ұйымдастырылған жиынға көпбалалы отбасыдан шыққан және жалғыз қамқоршысы бар бүлдіршіндер шақырылды. Іс-шараға «Қарашай және балқар-Бірлік» және «Мурас» қырғыздар қоғамдық бірлестігі мұрындық болған.
«Әрқайсымыздың баламыз бар. Бүлдіршіндердің жүзінен бақыт пен қуаныш көргеннен артық ештеңе жоқ деп ойлаймын. Бүгін осы іс-шараға қатысқаныма, әрине, ризамын. Оларға бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеймін», – деді «Қарашай және балқар-бірлік» РҚБ төрағасы Мустафир Бабаев.
Ұйымдастырушылар бүлдіршіндерге заттай сыйлықтар үлестіріп, оларды қуанышқа бөледі. Мереке иелеріне концерт, тасжолға сурет салу, сабын көпіршіктерін шашу, шарларды үрлеу сынды бағдарламалар ұсынылды. Сондай-ақ, акция аясында алматылық мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің үйіне ойыншықтар мен киім-кешек жеткізілуде.
«Біз бүгін сыйлық алдық, концерт тамашалап, бормен жерге сурет салдық. Барлығымыз қосылып ән айттық. Өте көңілді мереке болды», – деді қала тұрғыны Ибрагим Абутаха.