17 мың әскери қызметшіге «кредиттік демалыс» берілді

Filip Andrejevic/unsplash.com/
Filip Andrejevic/unsplash.com/

Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Сәкен Жүсіпов айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әскери борышын өтеу барысында ерекше көзге түскен 1029 азамат білім грантымен жоғары оқу орнында білім алуға мүмкін алған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Сәкен Жүсіпов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әскери қызметтің тартымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл, ең алдымен, білім беру секторындағы жеңілдіктер мен несиелік демалыстарға қатысты мән-жай түсіндірілді.

"Сонымен қатар 17 мың әскери қызметшіге 6,6 млрд теңгеге «кредиттік демалыс» берілді", - деді спикер.

Сонымен қатар генерал-майор қызмет кезінде мерзімді сарбаз еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығын игеруге мүмкіндік алатынын айтты. Оқыту тиісті сертификаттар берумен өтеді.

 

Новости партнеров