Қазақстанда заңсыз жүрген 3,5 мың шетелдік өз еліне қайтарылды

21.06.2019 22:07

Заңды ең көп бұзатын – Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей азаматтары екен

Қазақстанға саяхаттап келіп, заңсыз жұмыс істеуге қалып қойған шетелдіктер жаппай елдеріне қайтарылуда. Жыл басынан бері 3500-ге жуық адам сот шешімімен елден қуылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал 29 мыңнан астам шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 28 мыңнан астамы – ТМД елдерінен, қалғаны алыс мемлекеттерден келген азаматтар.

Заңды ең көп бұзатын – Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей азаматтары екен. Мұны Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов мәлімдеді.