«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sk.kz сайтына сілтеме жасап.
«27 тамызда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтың өз уәкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қарап, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқаруды Серік Саудабаевқа жүктеу туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
Серік Саудабаев 1977 жылы туған. Жоғары экономикалық және жоғары заңгерлік білімі бар.
2010 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Қазақтелеком» және «Қазпошта» сияқты активтеріне жауапты салалық дирекциясын басқарды.
2010-2014 жылдар аралығында және 2016 жылдан осы уақытқа дейін Серік Саудабаев – «Қазпошта» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар Серік Саудабаев – «Қазақтелеком» АҚ мен «Kcell» АҚ директорлар Кеңесінде акционер мүддесінің өкілі және «QazCloud» ЖШС Бақылаушылар кеңесінің мүшесі.