Арыс халқына көмек көрсетуге арнайы шот ашылды

Арыс халқына көмек көрсетуге арнайы шот ашылды
Қазір бұл қордың есебінде 54 миллион теңге бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жарылыстан жапа шеккен арыстықтарға көмек көрсету әлі жалғасуда. Сол үшін «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры арнайы шот ашты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дәл осы шотқа көмек қолын созам деушілер өз үлестерін қосып, қолғабас ете алады. Қазір бұл қордың есебінде  54 миллион теңге бар. Негізінен, қазір бұл шотқа мекемелер бір күндік жалақыларын аударып жатыр. Қаражат баспана мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруге жұмсалуда.

Бұған дейін Арыс  тұрғындарына  қала кәсіпкерлері де көмек көрсетіп, 95 тонна құрылыс материалдары бар колонна жіберген. Оларды мегаполиске бөлінген учаскедегі 440 ғимаратты қалпына келтіру кезінде пайдаланады. Оның ішінде 435 тұрғын үй, 4 дүкен және мектеп бар. Жұмыстар шілде айының соңына дейін бітуі тиіс.  


«Жаңа Алатау» қоғамдық қорының реквизиттері:

СТН (РНН) 600300567791.

БСН (БИН) 080740011034.

ЖСК (ИИК) № KZ826010131000165601;

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ.

БИК HSBKKZKX.

КБЕ 18 ТТК (КНП) 119.

телефон:  8 (727) 396-74-20.

Новости партнеров