Тіл мамандары латын әліпбиінің жеңіл нұсқасын әзірлеп жатыр

Тіл мамандары латын әліпбиінің жеңіл нұсқасын әзірлеп жатыр
2025 жылға қарай нақты емлелік ережелер дайын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық жазу: түп-тамырынан бүгінге дейін. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында латын графикасына көшу бойынша ғылыми-әдістемелік, үйлестіру жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тіл мамандары баяндамаларын қазақтың жаңа жазуын реформалауда тарих беттеріне үңіле отырып жасады. Келелі басқасуда қазақ тілін тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей қарапайым етіп жасау турасында әңгіме өрбіді. Ел тарихында қолданылып келген көне түрік, араб және латын жазуы негізге алынған.

«Біз соңғы бірер жылда осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Тіл реформасы қарқынды түрде іске асырылуда. Әзірге апробация, тестілеу, сынақтар жүріп жатыр. Елмен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Алғашқы нәтижелеріміз бар. Мақсат – тіл тұтынушыларына тек қана ең қарапайым, ең оңай, ең жеңіл жолдарды ұсыну», – деді Қазақ жазуын латын графикасына көшіру жұмыс тобының жетекшісі Ерден ҚАЖЫБЕК.

Бірақ реформаны енгізуде қиындықтар да кездесіп жатқан көрінеді. Лингвистер мен тіл мамандары қазір латын қарпіне сәйкес, тілдік емлелік ережелерді дайындау үстінде. Алайда осы тұста алымдар кирилл әріптерінің емлелік ерекшеліктерінен арыла алмай жатқандарын айтады. Бұл – ұзақ процесс. Десек те, 2025 жылға қарай нақтыланған емлелік ережелер дайын болады.

«Бір дыбыс бір таңбамен белгіленеді. Сонда сөздің оқылымы да оңай болады, дауыссыз бен дауысты дыбыстар өз орнында тұрады. Ешқандай жасырын тұрған дыбыс болмайды. Ал кирилл үлгісіндегі емлемізде дауысты дыбыстар жоқ болып кетіп отыр. Ал, жоқ таңбаны балаға, тіпті ересектердің өзіне де үйрете алмайсың. Сондықтан алфавит жасаудың осындай қайшылықтары да бар. Дегенмен бұл мәселе әлі талқыланып жатыр. 2025 жылға дейін әлі сарапталады, талқыланады, екшеледі», – деді Қазақ жазуын латын графикасына көшіру жұмыс тобының мүшесі Әлімхан ЖҮНІСБЕКОВ.


Новости партнеров