Көпқабатты ғимараттың төбесіне үй салған тұлғаға қатысты іс басталды

Almaty.tv
Almaty.tv
12 қабатты кешен бір-ақ жылда 13 қабатты үйге айналып шыға келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Көпқабатты ғимараттың төбесіне үй салған». Қаладағы элиталы тұрғын үй кешенінің жұрты арнамызға осылай деп шағымданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың айтуынша, осыдан бір жыл бұрын әлдебіреулер шатырға шығып, құрылыс бастаған. Нәтижесінде аумағы 300 шаршы метр болатын нысан пайда болыпты. Алайда оған рұқсатты кім берді деген жұрт мәселенің анық-қанығына жете алмай жүр.

60-тан асқан Айдар Бекбаевтың соңғы бір жылда мазасы қашқан. Оған себеп - көпқабатты тұрғын үйдің шатырына әлдебіреулер үй салып алған. 12 қабатты кешен бір-ақ жылда 13 қабатты үйге айналып шыға келген.

«Салдарынан төменгі үйдің қабырғаларында жарықшақ пайда болды. Жоғары бөліктегі үйдің талапқа сай салынбаған. Шатырға мүлде үй салынбауы керек. Мұндай масқараны бұрын-соңды естіп па едіңіз? Мәселені жырлап жүргенімізге бір жыл болды. Төбеге үй салған адам мүлде ұстатпайды. Қашып жүр. Құрылыс бастар алдында бізбен ешкім ақылдаспады», – деді қала тұрғыны Айдар Бекбаев.

Бұл бейнекадрлардан құрылыс иесінің жұмысқа білек сыбана кіріскенін анық байқауға болады. Десе де, оны тұрғын үйдің төбесіне не себепті салғаны ешкімге беймәлім. Тұрғын үй кешенің жұрты бірігіп қала құрылысын бақылау басқармасына арыз да түсіріпті. Жауапты мамандардың айтуынша, ғимарат үстіне тағы бір нысан тұрғызбақшы болған адамның әрекеті заңсыз.  деп отыр.

«Қазір бұл мәселе біздің қарауымызда. Үй салған адаммен барлық шаралар жүргізіледі. Талапқа сай айыппұл төлейді және ол үйді сүруге міндеттеледі. Қазір бұл іспен құзырлы орган өкілдері айналысып жатыр», – деді  қала құрылысын бақылау басқармасының бас маманы Дархан Тайсарынов.

Көпшілікті даурықтырған мәселе бүгінде соттың қарауында. Жеке тұлғаға қатысты іс 23 қыркүйекте басталған.

«Азаматтық іс Алматы қалалық, Бостандық ауданы сотының қарауында. Бұл арыз-талап Алматы қалалық қала құрылысын бақылау басқармасының негізінде жүргізіліп жатыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруды заңсыз деп тану және үйге техникалық тексеру жүргізу сот шешімінен кейін белгілі болады», – деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

Жауапты мамандар сот шешімінен кейін ғана тұрғын үйге сараптама жүргізілетінін айтады. Яғни қабырғаның неден жарылғаны бөлек анықталады.

Ұлағат Арғын, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров