«Мөлдір кеңсе». Алматы қалалық сотында аумағында 200 шаршы метрлік шыныдан салынған ілгері-кеңсе ашылды.
«Бір терезе» қағидасы негізінде жұмыс істейтін мекемеде сот төрағасының өзі қабылдайтын орын да қарастырылған. Замануи фронт-кеңседе 2 маман отырады. Ал азаматтардан түскен арыз бірден электронды сот кабинетінде тіркеледі. Ары қарайғы қозғалысты сервис арқылы үйден-ақ бақылауға болады. Кеңсе «Алматы – Адалдық Алаңы» жобасы аясында ашылған.