ПИК-тер жиналған қаржының дұрыс жұмсалуын онлайн түрде бақылай алады

ПИК-тер жиналған қаржының дұрыс жұмсалуын онлайн түрде бақылай  алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді пәтер иелері тұрғын-үй коммуналдық шаруаларының қызметі үшін тапсырған қаржының қайда жұмсалғанын онлайн бақылау алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол үшін алдымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі біріңғай ақпараттық жүйе енгізбек. Барлық атқарылған жұмысты тұрғындардан бөлек, коммуналдық бөлімнің басшылары мен әкімдік тікелей қадалағап отыратын болады. Жүйеге әзірге тек 190 үй, 28 пәтер иелері кооперативі қатыспақ.  

«Жүйенің маңызды міндетінің бірі – жиналған жарналарды дұрыс жұмсау және көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін жинақтардың ашықтығын қамтамасыз ету. Шоттағы ақшаның қозғалысы заң талаптарына сәйкес, банктік және заңмен қорғалатын жүйеде болады», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту департаменті директорының орынбасары Марғұлан ӘБДІКӘРІМОВ.


Новости партнеров