Алматыда Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті 75 жылдығына орай 75 игі іс шара ұйымдастырмақ. Осыған орай бүгін универститет қызметкерлері мен студенттері 75 түп жасыл желек отырғызды. Оның ішінде қайың, шырша және емен ағаштары бар деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Талдар Назарбаев зияткерлік мектебі аумағында жайқалып өсетін болады. Экологиялық шара ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында білім ошағымен бірлесіп ұйымдастырылды.
«Университеттің экология және биология кафедраларында ағаштарды отырғызудың ең тиімді және арзан тәсілдерін ойлап тауып, оны студенттерге үйретіп жатырмыз. Бүгінге дейін мыңнан астам студент үйренді мұны», - дейді Биология ғылымдарының докторы Келіс ЖАЙЛЫБАЙ.
«Ағашты тек сән үшін отырғызбаймыз, қаламызда тал көп болған сайын экологиялық проблемалар да шешіле береді. Сондықтан, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті қолға алған бастаманы басқа оқу орындары да жалғастырса деген ниет бар», - Мемлекет және қоғам қайраткері Шәмшә БЕРКІМБАЕВА.