Әуезов ауданының тұрғындары әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға көрсетілетін жеңілдіктер жайын талқылады
Елбасы міндеттеген «Әлеуметтік қамқорлық» шарасы жер-жерде талқыланып жатыр. Бүгін Алматы қаласы Әуезов ауданының зейнеткерлері мен ардагерлерінің басқосуына осы бастама түрткі болды. «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен кездескен олар пікірлерін айтып, мазалаған сұрақтарына жауап алды.
«Әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы аналарға көмектесіп келдік. Қазір 3 отбасын патронаттық қамқорлыққа алып жатырмыз. Патронат дегеніміз не? Ол – бір рет көмектесу емес, күнде қандай мәселелері бар, қандай сұрақтары бар, соны шешу. Көпшілігі өзгерістерді күтіп жатыр, өзгелері хабарласып, әлеуметтік көмекті қалай алуға болатынын сұрап жатыр», - дейді «Nur Otan» партиясының мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ерболат ҚАСЫМОВ.
Еске сала кетейік, қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасына «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жеңілдетілген ипотека алу бойынша өтінім қабылдау апта басында басталған болатын. Ол 15-ші наурызға дейін жалғасады.