Алматыда еріктілер мен медицина қызметкерлері марапатталды

04.07.2020 03:45

Қоғам белсенділері пандемия уақытында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, алдыңғы шепте жүрді

Аlmaty.tv

Бүгін Алматыда 70-ке жуық еріктілер мен медицина қызметкерлері Елбасының қолы қойылған футболка мен алғыс хатқа ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қоғам белсенділері пандемия уақытында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, алдыңғы шепте жүрді. Осылай қауіпті індетпен күресте барынша үлес қосқан алматылықтарды Елорда күні қарсаңында «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері ерекше марапаттады.

«Біз мына карантин шараларының барлығын сақтай отырып, күнде 10 адамнан, 5 адамнан іріктеп, арнайы маскамен, қолғаппен соны табыстап беріп жатырмыз. Бұл біздің волонтерларға, жалпы жастарға үлкен мотивация, сенім. Сонымен қатар, тегін жасаған жұмысының еленгені», – деді қалалық «Жас отан» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов.