Алматыда жылжымайтын мүлік базары қызып тұр

Алматыда жылжымайтын мүлік базары қызып тұр
Биыл Алматыда жылжымайтын мүлік сату-сатып алу туралы келісімдер көрсеткіші 70 пайызға өскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жылжымайтын мүлік нарығында сату-сатып алу туралы келісімдер көрсеткіші 70 пайызға өскен. Ал еліміз бойынша ол 23 пайызды құрайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл деректерді ҚР Статистика комитеті ұсынды. Мамандардың ең алдымен бұған «7-20-25» бағдарламасы, содан соң «Нұрлы жер» секілді мемлекеттік бағдарламалары септігін тигізді дейді. Сондай-ақ бүгінде елімізде қолданыстағы үйлерді сатып алуға мүмкіндік беретін көптеген тиімді бағдарламалар да қабылданып жатыр.

«Бастапқы тұрғын үйде баға 1 шаршы метріне 200-300 мың теңгені құрайды. Ал қайталама тұрғын үй нарығында 1 шаршы метріне 180-270 мың аралығында теңге болып тұр. Тұрғын үйдің бағасына оның орналасқан жері тікелей әсер етеді. Орталыққа, яғни, метро, сауда орталықтарына жақын болса, бағасы быршама қымбатырақ болады. Әрі мұндай үйлерге деген сұраныс та жоғары. Үйдің салынып біткен кезден қарағанда енді салына бастаған кезде 10-15 пайызға арзан болады. Бірақ бұл жылжымайтын мүлік бағасы аспандайды деген сөз емес», – дейді ҚР Жылжымайтын мүлік федерациясының Президенті Ермек МҮСІРЕПОВ.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының нарықтағы белсенділігі небары 5,5 пайызды құрап отыр. Жалпы, еліміз бойынша тұрғын үйге деген сұраныс көшін Батыс Қазақстан облысы бастап тұр. Облыста жылдық көрсеткіші +31,6 пайызды құрайды. Ал, Алматы және Атыраудың көрсеткіші +27,8 және 27,7 пайызды құраса, Ақтөбенің пайыздық көрсеткіші +26,4 құрайды.  

Новости партнеров