Алматыда үздік бағбан анықталды

17.09.2019 01:50

Байқаудың бас жүлдесін Ольга Шумкина мен Марина Плотникова қанжығаларына байлады

Үш күнге созылған байқауда алматылықтар мен қала қонақтарының назарына гүлдерден, өсімдіктерден жасалған түрлі композиция ұсынылған болатын, деп хабарлайды 

Almaty.tv тілшісі.

Әділ қазылар алқасының шешімімен биылғы конкурстың бас жүлдесін «4 элемент» құрылымымен Ольга Шумкина мен Марина Плотникова қанжығаларына байлады.

 Енді олар Нидерландыға барып бақты қалай күтіп баптауға болатынын жан-жақты меңгермек. 

Айта кетейік, ALMATY GARDEN SHOW қала күніне орай екінші рет ұйымдастырып отыр.