Нұр-Сұлтанда ата-анасы соққыға жыққан үш жасар бала ауруханада көз жұмды

Нұр-Сұлтанда ата-анасы соққыға жыққан үш жасар бала ауруханада көз жұмды
Анасы бас бостандығы шектелген сотталушы ретінде полицияда тіркеуде тұрған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан қаласында өз үйінде түрлі дене жарақаттарын  алған үш жастағы  қызды дәрігерлер құтқарып қала алмады. Ауыр соққы алған бүлдіршін  ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аталған оқиғаға байланысты еліміздің Ішкі істер министрлігі өлімге әкеп соғатын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының  жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бейкүнә бала жағдайы нашар отбасында өмір сүріп келген.  Бүлдіршінді өгей әкесі немесе анасының қайсысы ұрғаны әлі белгісіз.

«Биыл 8 маусымда Нұр-Сұлтан қалалық ауруханасына түрлі жарақаты бар үш жасар қыз түсті. Жарақатының ауырлығының салдарынан ол көз жұмды. Белгілі болғаны, бала жағдайы нашар отбасында өмір сүрген. Анасы бас бостандығы шектелген сотталушы ретінде полицияда тіркеуде тұрған. Ал өгей әкесі бұрын істі болған. Қазіргі таңда аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат ҚОЖАЕВ.  

Новости партнеров