Атап айтқанда, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары мен Қандыағаш ауылы мектебінің директоры ҚР Білім және ғылым министрлігі комиссиясы өкілдерінің тамақтану, жүріп-тұруы мен қонақ үй шығынын өтеп бермекші болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ұсталған азаматтар Ембі қаласындағы 7 білім беру мекемесі жинап берген 540 мың теңгені қалтасына басқан. Мұның барлығын олар өңір бойынша ҰБТ-дан жақсы нәтижеге қол жеткізіп береміз деп алса керек. Қазір аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.