Қазгидромет синоптиктерінің хабарлауынша, 25-27 маусым аралығында елімізде аптап ыстық болады деп күтілуде.
Нақты айтқанда, ауа температурасы 44 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Бұл – республиканың оңтүстік бөлігіне қатысты ақпарат.
Ал еліміздің батыс өңірінде үш күннен соң ауа райы құбылып, жауын-шашын түсіп, күн күркірейді деп болжайды синоптиктер.