Ксения Әшіғалиева күйеуін өзін өлтірмек болды деп айыптаған болатын
Ол кінәсіз. Осы жазда күйеуінен таяқ жеген Ксения Әшіғалиеваның анасы енді ақша бопсалауға кірісті дейді әншінің қайын атасы. Ксенияның экс күйеуінің туыстары мен достары бүгін баспасөз маслихатын ұйымдастырып, Бауыржан Әшіғалиев жазықсыз жасазалануы мүмкін дегенді айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Себебі, Ксения жалған ақпарат таратты дейді. Ал, өнердегі достары жеті жыл отауласқан жарасымды жұп арасында мұндай адам сенгісіз оқиға болғанына сенбейді.
Бауыржан мен Ксенияға қатысты бұл оқиға биыл жазда басталған болатын. Ол кезде әнші әлеуметтік желіге күйеуінен күнде таяқ жеп жүргенін және тапқан таянғанын Бауыржан тартып алатындығын мәлімдеген болатын. Содан кейін іс ушығып, сотқа дейін жетті. Бұл дау-дамайға қатысты бүгін Алматыда баспасөз маслихатында Бауыржанның әкесі ұлының бұл іске ешқандай қатысы жоқ деумен болды. Тіпті, Ксенияның анасы қымбат үйді сатып алып беруін талап еткен.
«Біздегі ақпараттың барлығы Бауыржанның кінәлі еместігін көрсетіп тұр. Тіпті, тергеушілер де ол жерде менің ұлымның ешқандай қылмыс жасамағанын айтады. Ең сорақысы, бірде Ксенияның үйіне барғанда дастархан басында әңгімелесіп отырғанда келінім диктофон қосып қойған. Ал, анасы маған ұялы телефонындағы қымбат үйдің сатып алып беруімді талап етті», - деді Бауыржан Әшіғалиевтің әкесі Жәнібек ӘШІҒАЛИЕВ.
Бұл тұста Бауыржан мен Ксенияның өнердегі достары да отағасының мұндай әрекетке баруына күмәнмен қарайды. Тіпті, он жыл бойы араласып жүрген Парвиз Назаровтың туған күнінде Бауыржан сүйіктісін қайтарғысы келген екен. Қонақтардың алдында Ксениядан кешірім сұрап, одан үйге қайтып келуін өтінген.
«Мен шынымды айтсам, ол кезде Ксенияны танымай қалдым. Ол Бауыржан ұсынған гүлді лақтырып жіберіп, қаншама елдің көзінше оны айқайдың астына алды. Мен бұл жанұямен он жылдан бері таныспын. Олар бір-бірін жақсы көрді. Ал, Бауыржан Ксеняины қатты жақсы көрді», - деді әнші Парвиз НАЗАРОВ.
Әзірге бұл іс немен аяқталатыны белгісіз. Десе де, Бауыржанның ата-анасы Заң жолымен жүріп, ұлымыздың кінәсіздігін дәлелдейміз деп отыр.
Арнат Дүйсен, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» теларнасы