Нұр-Сұлтанда «қара кортеж» мүшелерінің бірі өз әрекеті үшін астаналықтардан кешірім сұрады

07.01.2020 00:28

Полиция өкілдері кортежге қатысушылардың барлығының автокөліктері коммуналдық тұраққа қойғызды

Кеше түнде әлеуметтік желілерде көшеде кортежбен  жол тәртібін бұзғандардың видеосы пайда болған еді. Онда қара түсті KIA автокөлігінің жүргізушісі сауда орталықтарының бірінен 15 автокөліктің кедергісіз шығу мақсатында негізгі жолдың  жүру бөлігін жауып тастаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«15 жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабы, 1-бөлігі және 590-бабы, 5-бөлімі, 10-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. "KIA автокөлігінің 1992 жылғы жүргізушісі Мубараков Ташбулатхон Марифхажанұлы бұрындары да жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған және «Сергек» камералары да түсірген. Полиция өкілдері кортежге қатысушылардың барлығының автокөліктері коммуналдық тұраққа қойғызды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД ӘПБ бастығы Елжан ШҮПЕКОВ.

Бүгін KIA маркалы автокөліктің 27 жастағы жүргізушісі өз әрекетіне өкінетініне және жауапкершілікті мойнымен көтеретінін айтып, кешірім сұрады.