Коммунистер «Астана Электро-техникалық зауытына» барды

Коммунистер «Астана Электро-техникалық зауытына» барды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Партия өкілдері зауыт ұжымымен кездесіп, кандидат Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал партияның қалалық штабының жетекшісі Нұрдәулет Оразханов, зауыт қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына да тоқталды. Себебі, өндіріс орындарын модернизациялау алдыңғы қатардағы мәселе. Электротехникалық құрылғылар әрдайым сұраныста деді жиналғандар.

«Әрбір кәсіпорыннан түскен табыстың 30 %-ы еңбекақы қорына бөліну керек. Сол арқылы жұмысшылардың жағдайын әлдеқайда жақсартуға болады. Сондай-ақ кәсіпорындарда жұмыс қауіпсіздігі сақталу керек. Біздің партия әрқашан да жұмысшылардың жағында», – дейді ҚКХП-ның Нұр-Сұлтан қалалық штабының жетекші Нұрдәулет ОРАЗХАНОВ.

Айта кетейік, бүгінде кәсіпорында 160-тан астам адам қызмет етеді. Былтыр зауыттың өндіріс көлемі 3 млрд теңге болған. Ал биыл бұл көрсеткішті 4 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Кездесу соңында белсенділер тобы үгіт-насихат материалдарын таратып, Президент сайлауына белсенді қатысуға шақырды.

«ҚР Президенттігіне сайлауына қатысатын кандидаттың жоспарын халық білу керек. Коммунистер  кандидатының бағдарламасы еңбек адамының мүддесін қорғауға негізделген. Менің ойымша, бұл бизнес үшін, компания қызметкерлері үшін өте маңызды. Өйткені электротехникалық өнімдердің түр-түрін шығарып, жыл бойы белсенді еңбек етеміз», – дейді «Астана электротехникалық зауытының» бас директоры Асқар СЫЗДЫҚОВ.

Новости партнеров