Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді
Екі ел арасындағы пошта айырбасының тоқтатылуына қатысты жаңалық үлкен резонанс туғызды. Аталған хабарлама біздің клиенттерге Қытайдан келетін пошта тасымалының кешігуі ықтималдығын ескерту мақсатында таратылған, деп жазылған хабарламада. Қытайдың пошталық әкімшілігі Қазпошта мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі арасындағы дәстүрлі авто, авиа, теміржол қатынасын ресми түрде тоқтатпаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Алайда, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің поштасы жұмыс тәртібінде өз тарапынан пошталық жөнелтулер қабылданбайтынын және жіберілмейтінін жеткізді. Сол себепті, айырбас жүргізіліп жатқан жоқ. Айырбас қалпына келгеннен кейін барлық клиентке ол туралы хабар береміз», - деді компания өкілдері.
Қазір Қазпошта қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.
Еске салайын, осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан хат немесе зат алу кезінде коронавирус жұқтыру қаупі жоқ екенін хабарлаған еді.