Есті шығарған ескі мектеп: Жергілікті биліктен көңілі қалған жамбылдық тұрғындар Президенттен көмек сұрады

Almaty.tv
Almaty.tv
Жамбыл облысында 250 млн теңге ауыл мектебіне спорт зал мен бірнеше кабинет қосу үшін бөлінген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында 250 млн теңге ауыл мектебіне спорт зал мен бірнеше кабинет қосу үшін бөлінген.  «Мейлі» дерсіз. Бірақ жаңа мектеп соғуға жетерлік ақша өз мақсатында қолданылмаған.  6 жыл бұрынғы іс қазір сотқа жетті.  Кесірінен ауыл балалары талапқа мүлдем сай емес, бос бөлмелерде оқуға мәжбүр. Жамбыл облысынан Almaty.tv тілшісі Мерей Бает толығырақ айтсын.

Оқиға болған жерден:

– Оларда ешқандай қаражат жоқ екен. Бізге демеуші тап дейді. Біз ауыл адамдарымыз, демеушіні қайдан табамыз?

– Бізге әкімнің не қажеті бар? Басқаның не қажеті бар? Онда өзіміз жасаймыз онда.

Бұл – Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Малдыбай ауылының тұрғындары. Ауыл әкімінен бастап облыс басшылығына дейін басмаған жері жоқ. Бірақ естіген соңғы сөзіміз осы болды дейді. Әкімдіктегілер демеуші тауып тірлікті тындыруды ұсыныпты. Бірақ ауылдықтар 6 жыл бұрын  2 сынып пен 1 спорт залын қосуға 250 млн теңге бөлінгенін түсіне алмайды. Оның өзі әлі басталмаған. Енді жергілікті билік сол қаржыны қайтаруға барын салып жатқан көрінеді. Онсыз жаңа жоба жасалынбайды екен. Соның кесірінен ауыл балалары талапқа сай емес тар кабинетте оқуға мәжбүр.

«Мен  6 баланың әкесімін. Менің балаларым бұл жерде химия пәнінен, физика, еңбек кабинеті, зертхана, алғашқы әскери дайындық кабинеті, ондай мәселе болған жоқ. Оқыған жоқ. Ондай кабинеттер болмаған», – деді Малдыбай ауылының тұрғыны Айтжан Нарбаев.

«Әкім деген қарамайды. Мысалы, мына Жылқыбаев деген әкімнің орынбасары келді. Бердібек Сапарбаевтың. Ешқандай ештеңе істеген жоқ. Келді, кетті. Болды. Әкім келді өзіміздің ауданның. Ол да сондай», – деді Малдыбай ауылының тұрғыны Жұмабек Тұрапов.

Тұрғындар аудан әкімі мәселенің мән-жайын түсіндіріп, тілдеспек түгілі, түрлі сылтау айтып, қашып жүр дейді. Айтуынша, облыс басшысының ресми сайтына жазылған өтінішіне де бір жауапты көшіріп, қайта қоя салады екен. Ал облыстық білім басқармасы өкілдері бұл мәселе алдағы уақытта шешіле қоймайтынын айтады. Өйткені жаңа мектептің сызбасын жасау үшін алдымен 6 жыл бұрынғы келісімді бұзу қажет.

«Облыстық қаржыдан не болмаса, республикалық қаржыдан ондай ақша қарастырылмаған. Себебі жобалық-сметалық құжаттары әлі әзірленбеген. Сол жобаны 2014 жылы аяқтауы керек еді. Бүгінге дейін аяқталмаған. Бірнеше рет сот отырыстары болды», – деді  облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Алмаз Жапарқұлов.

Алыстағы ағайын енді Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап отыр. Одан басқа амалы да жоқ. Себебі «жергілікті билік тілдеспек түгілі 6 жыл жыр болған мәселені естуге зауқы жоқ» дейді. Ал, ауылға жаңа мектеп салынбайды. Себебі мұндағы халық санында өсім жоқ. 2014 жылғы  сметалық жобаның тендері болса сотта жатыр. Сот ісі аяқталмай қараша қосымша кабинетке де жете алмайды.

Мерей Бает, Шыңғысхан Кеңесхан, «Алматы» арнасы, Жамбыл облысынан

Новости партнеров