Алматыда жас күйші Ғаламат Бейсеқожаев концерт берді

Алматыда жас күйші Ғаламат Бейсеқожаев концерт берді
18 жастағы Ғаламат Бейсеқожаевтың қоржынында 30-дан астам авторлық туынды бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ұлы дала толғауы». Алматыда жас күйші, композитор Ғаламат Бейсеқожаевтың шығармашылық кеші өтті. Концертте музыкант өзі шығарған 15-тен астам күйін орындады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, небары 18 жастағы Ғаламат Бейсеқожаевтың қоржынында 30-дан астам авторлық туынды бар. 2016 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасына арнап, «Атадан мұра» атты күй шығарған ол осыған дейін еліміздің бірнеше қаласында концерт беріп үлгерген.

«Бұл кеште өзімнің авторлық күйлерімді орындаймын және туған інім композитор Нұрәлі Бейсеқожаев та өзінің 2-3 шығармасын орындайды. Бұл – менің Алматыдағы екінші концертім. Ал негізі Қазақстан бойынша 6 концерт қойдық», – дейді жас күйші Ғаламат БЕЙСЕҚОЖАЕВ.

Новости партнеров