Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университетінің ғимаратында «Қазақстандағы «дін дүрбелеңі»: кеңестік биліктің дінге қарсы репрессиялық шаралары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жиын барысында Бас мүфти Кеңес заманында дінді қоғамдық өмірден ысырудың барлық амалы жасалып, осы бағытта идеологиялық жоспар құрылғанын баса айтты. Сондай-ақ, пәрменді түрде діннің мемлекет құрылымынан, адамдардың жеке өмірінен алыстатқанын айтты.
«Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Бүгін мінекей, Нұр-Мүбәрак университетінде республикалық конференция ұйымдастырылып жатыр. Бүгін конференция басында арнайы Құран оқып, Отан үшін құрбан болған бабаларымыздың рухына бағыштадық. Бұл біздің ұрпақ ретіндегі міндетіміз», – деді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы.