Аdal партиясы 2050 жылға дейін міндетті зейнетақы жарналарынан бас тартуды ұсынды. Бұл шара пандемиядан туындаған дағдарысты жеңу үшін қажет деп санайды партия мүшелері, деп хабарлайды Almaty.tv.
Партияның Саяси кеңес мүшесі Олжас Ордабаевтың айтуынша, ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарау қажет. Оның пікірінше, қазіргідей 32 мың емес, 60 мың теңге болуы тиіс.
«Бұл халыққа айтарлықтай көмек болады деп есептейміз. Ең төменгі жалақы мөлшері де ең төменгі күнкөріс деңгейінде болуға тиіс. Сол 60 мың теңге ағымдағы 42 500 теңгенің орнына. Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлер болмауы тиіс», – деді ADAL саяси партиясының мүшесі Олжас Ордабаев.
Съез барысында Адал партиясы Мәжіліс депутаттығына 20 кандидатты бекітті. Оның 10-ы саяси кеңестің мүшесі. Айта кету керек, кандидаттық құрамда қоғам қайраткерлері, тележурналистер, спортшы мен кәсіпкерлер бар.