Маңғыстау облысында ат тепкен балаға ота жасалмақ

Маңғыстау облысында ат тепкен балаға ота жасалмақ
Бес жасар бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалып, бет сүйегі сынған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысында ат тепкеннен кейін ауыр жарақат алған бес жасар баланы отаға дайындап жатыр, деп хабарлайды Lada.kz.

Баланың ата-анасының айтуынша, оқиға жеке үйдің ауласында болған.

«Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, бала жақ-бет хирургиясында ота жасауға дайындалуда», - дейді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бала облыстық ауруханаға Мұнайлы ауданының Баянды ауылынан түскен. Тексерістен кейін дәрігерлер науқас жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын анықтады, сондай-ақ миы шайқалып, бет сүйегі жарықшақтанып сынған. Бұдан басқа, баланың мұрын қалқасы қисайып, жоғарғы және төменгі еріндері зақымданғаны белгілі болды.

Новости партнеров