Алматы әкімдігінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау мәселелері талқыланды

Алматы әкімдігінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау мәселелері талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы әкімдігіне қаланың ондаған тұрғыны келді. Жиналған қауым арасында көпбалалы аналар да бар.

Шаһар басшыларымен болған кездесуде көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, балабақшалардан орын бөлу, аналарға бөлінетін жәрдемақы мөлшерін көтеру, тұрмыс жағдайларын жақсарту сынды басты мәселелер көтерілді.

Іс-шара әкімдік ғимаратында бірнеше сағат бойы өтті. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов әрбір азаматты ден қойып тыңдады.

«Әрбір нақты жағдай мұқият қарастырылатын болады. Одан басқа, сәйкесінше жүйелі шешімдер қабылдау мақсатында жиналған өтініштердің негізінде тиісті министрлікке ұсынымдар жолданатын болады», - деп мәлімдеді Е.Әукенов.

Сонымен қатар, іс-шара барысында шақырылған әлеуметтік бағдарламалар, білім және тұрғын үй саласындағы мемлекеттік органдарының өкілдері өз құзіреті шеңберінде қатысушыларға кеңес берді.

Новости партнеров