Бұл туралы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, министрліктің ведомстволық ұйымымен әзірленген ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары тіркелімінің веб-порталы келесі жылы пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі баспа күйінде тыйым салмайды. Алайда осы тіркелімді цифрландыру мақсатында ЮНИТАР қолдауымен 10 миллион теңгеге гранттық қаражат алынып, веб-портал әзірленді. Оны залалды заттарды шығарылуы және тасымалдау тіркелімі деректерімен толықтыру жұмыстары жүргізілді. Тіркелім веб-портал тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Келешекте осы тіркелім порталын бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесі шеңберінде басқа да ақпараттық жүйелермен өзара интеграциялауды жоспарлап отырмыз», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ.
Министрдің сөзінше, ауаға шығарылатын, су мен топыраққа төгілетін қауіпті химиялық заттар мен ластағыштардың жыл сайынғы көлемі жөніндегі ақпарды жинап, сәйкесінше шаралар қабылдау қажет. Осы ретте тіркелім өндірістік ошақтардың табиғатқа шығарып жатқан зиянды тастандылардың уақыты, көлемі бойынша толық ақпарат беретін болады.
«2018 жылы Қазақстанда ластаушы заттардың жалпы көлемі 2,5 миллион тоннаны құраған. Қазіргі таңда халықтың экологиялық жағдайға қызығушылығының өсуіне байланысты біздің елімізде қоршаған ортаның жай-күйі туралы халықты уақтылы хабардар ету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі эйр кз мобильдік қосымшасы іске қосылып, облыстық әкімдіктерде жұртшылықты ақпараттандыру үшін Лед-экрандар орнату бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ.