Абай облысында өрт шығып, тұрғындар жарықсыз қалды

Өрттің шығу себебін анықтауға және жөндеуге байланысты арнайы комиссия құрылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысында өрт шығып, тұрғындар жарықсыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеше түнгі 23:30-да Аягөз қаласындағы «Біріккен энергосервистік компаниясына» қарасты электр жабдықтау қосалқы стансасының жанып жатқаны туралы белгілі болды. Нәтижесінде жарты сағат ішінде қызыл жалын оқшауланған. Қала мен елдімекендерді электр энергиясымен қамту қалыпқа келді. Өрттің шығу себебін анықтауға және жөндеуге байланысты арнайы комиссия құрылды.

"Өрт оқшауланғаннан кейін Мақаншы және Үржар ауданындағы барлық елдімекенге бірден жарық берілді. Аягөз ауданындағы ауылдар мен Аягөз қаласының өзінде электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қала бойынша бірінші кезекте орталықтандырылған 6 жылу қазандығын іске қосу қолға алынды. Қазір бәрі жұмыс істеп тұр", – деді Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.

Оқи отырыңыз: Мейірім ноталары: Алматыда қайырымдылық кеші өтті 

 

 

 

Новости партнеров