Іс-шарада ақынның өлеңдеріне жазылған әндер орындалды
Қазақстанның халық жазушы, ақын, Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл. Осыған орай, Алматы қаласының мемлекеттік архивінде «Адам жанының суреткері Қадыр Мырза Әли» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шарада ақынның өлеңдеріне жазылған әндер орындалды. Тұлғаның жазбалары мен туындылары көрмеге қойылды.
"2016 жылы Қадыр Мырза Әлидің құжаттары Алматы қаласының мемлекеттік архивіне тапсырылған. Оларға ғылыми техникалық үндеу жүргізіп, нәтижесінде 1147 істі тіркеуге алып, мемлекет сақтап отыр", – деді Алматы архивінің жинақтау қызметінің басшысы Нағима Нұрманова.
"Мен композитор, ол кісі ақын ретінде бірнеше ән жаздық. Орал туралы әндердің байқауына арнап «Орал, әнім сенсің шалқаған» деген ән шығардық. Бұл – ақынның көзі тірісінде жазған соңғы әні", – деді әнші, композитор Донеділ Қажымов.
Оқи отырыңыз: Картада жоқ мекен: Қарасай ауданының тұрғындары еш жерде есепке алынбаған