Қазірдің өзінде ауылдық жерлерде 5 облыстық және 4 аудандық орталық ашылды
"Қазақстан халқына" қоры әлеуметтік қолдау және оңалту саласында 29 жобаны іске асырып жатыр. Ерекше балаларға арналған облыстық және аудандық оңалту орталықтарын құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Қор оңалту орталықтарын жарақтандыруға, аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталықтарды жарақтандыруға, балалар мен жастарды инновациялық протездік-ортопедиялық және экзоскелеттермен қамтамасыз етуге, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды қаржыландырады.
Қазірдің өзінде ауылдық жерлерде 5 облыстық және 4 аудандық орталық ашылды. Жыл соңына дейін барлық өңірдегі ауылдық жерлерде инфрақұрылымды дамытуға және қолжетімді оңалтуды қамтамасыз етуге бағытталған "QH Оңалту орталықтары" және "QH Аудандық оңалту орталықтары" қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру аясында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 25 оңалту орталығы ашылады.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобада балаларға арналған оңалту жабдықтарын уақытша пайдалануға беру мүмкіндігін пысықтаймыз. Оңалту процесін тек орталықтардың қабырғасында жүргізу жеткіліксіз, олармен көбірек жұмыс істеу керек. Мұны үйде мамандандырылған жабдықтармен жасау мүмкіндігін пысықтаймыз", – деді Болат Жәмішев.
Оқи отырыңыз: Үш жылда "Қазақстан халқына" қоры 186 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті