Тәртіпті өзіңнен баста: оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалай түсінеді

Алматы қаласында жастардан құралған еріктілер тобы да жемқорлық фактілерін анықтауға көмектесіп келеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы №35 мектеп-гимназиясында «Тәртіпті өзіңнен баста!» науқаны ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парақорлықтан келер қауіп деңгейін жіті түсіндіруге, адалдық пән әділдік қасиетін дамытуға бағытталған. Жиынға сала мамандарымен қатар, жоғары сынып оқушылары және ұстаздар қатысып, өзара пікір алмасты.

Атап өтейік, Алматы қаласында жастардан құралған еріктілер тобы да жемқорлық фактілерін анықтауға, оның алдын алуға тұрақты түрде көмектесіп келеді. Оның қатарында 250-ден аса адам бар. Олар былтыр 2 миллиард теңгеге жуық мемлекет қаржысын үнемдеуге көмектескен.

"Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру. Адалдық, парасаттылық, әділдік сияқты негізгі құндылықтарды насихаттау. Бастама тек мектеп оқушыларымен шектелмейді. Жоба аясында студенттермен кездесу өткізіледі", – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Арман Рахимов.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында шаруаларға 4 жыл бұрын берілген субсидия қайтарыла ма

 

 

 

Новости партнеров